Шәкім Жанболат Берікұлы

Шәкім Жанболат Берікұлы Атырау облысының Индер ауданы Жарсуат ауылында жылқы жылы дүниеге келген.

2012 жылы Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

2015 жылы аталған ЖОО-да магистратураны аяқтаған.

С.Сейфуллин мұражай-үйінің бөлім меңгерушісі, «Астана» радиосының редактор-жүргізушісі қызметтерін атқарған. Қазір «Қазақ» радиосының Жаңалықтар қызметінде редактор-жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істейді.