Сәрсенғали Жүзбаев

1969 жылы 29-қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарабұлақ ауылында  дүниеге келді.

1994 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын тәмәмдаған.

1994-2001 жылдары аралығында Жезқазған музыкалық колледжінде, 2001-2011 жылдары Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектебінде оқытушылық қызметтер атқарды.
 
2007-2011 жылдары Қазақ радиосының Әдеби сазды бағдарламалар редакциясында редактор-жүргізуші қызметін атқарды.
 
2002 жылы «Тоғыз тарау» деген атпен үнтаспасы шықты. «Қазақтың 1000 күйі» күйлер антологиясына күйлері енді.
 
2012 жылдан бастап «Шалқар» ұлттық арнасының  редактор-жүргізушісі. «Наридірген», «Күй-шежіре» атты авторлық бағдарламалары арқылы халқымыздың дәстүрлі күй өнерін насихаттап келеді.
 
Байланыс телефоны: 8 (717)2 75-73-14