Толқын Сұлтанова

1978 жылы 1 ақпанда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Иманов ауылында дүниеге келген.
 
Арқалық қаласындағы Т.Елтебаев атындағы саз колледжін, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын тәмамдаған.
 
Торғай облыстық Қазақ музыкалық драма театрында, «Тамаша» әзіл-сықақ тетарында актерлік қызмет атқарды. Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы драма театрының алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі. 2003 -2009 жылдары «Мафия мен Тақия» әзіл-сықақ театрында акриса әрі авторлық қызмет атқарған.
 
2004 жылы «Рахат» телеарнасында «Бәрінен де сен сұлу» атты авторлық жобасын жүргізген.
 
Әзіл әңгімелері мен өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Бірнеше өлеңдеріне ән жазылған.
 
2014 жылдың ақпан айынан бастап, «Шалқар» радиосының редактор-жүргізушісі.
 
Байланыс телефоны: 8 (717)2 75-73-14

Электронды поштасы: tolkynsultan@mail.ru