Гүлнұр Омарханқызы

1977 жылы 9 сәуірде дүниеге келген. Алматы қалалық №1 педагогикалық колледжінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінде білім алған.
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің магистратурасын тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде аспирантурада білім алған.
 
Еңбек жолын Алматы қаласындағы №104 қазақ орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2000-2003 жылдары «Дарыниана» газетінің бас редакторы, «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтының PR менеджері, 2004-2005 жылдары «Атамекен» еларалық журналының тілшісі болды. 2009-2011 жылдары әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінде оқытушы қызметін атқарды.
 
2005 -2013 жылдары «Шалқар» ұлттық арнасынының редактор-жүргізушісі болды. 2013 жылдан бастап, Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі.
 
2014 жылдың наурыз айынан бастап, «Шалқар» ұлттық арнасының редактор-жүргізушісі. 
 
Байланыс телефоны: 8 (717)2 75-73-14

Электронды поштасы: omarkhankyzy@mail.ru