Нұрмат Мансұров

 
1985 жылы 24-наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сәкен Сейфуллин ауылында дүниеге келген.
 
2003 жылы Алматы Заң колледжін тәмамдаған. Қызылорда Заң гуманитарлық университетінде оқуын жалғастырады.
 
2002 жылы облыстық айтыстарда көзге түсіп, облыстық Мәдениет басқармасынан республикалық айтыстарға жолдама алады.
 
2006 жылы облыстық Халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығында қызмет атқарады.
 
2007-2014 жылдары «Қызылорда» қоғамдық телерадиокомпаниясында редакторлық қызмет және «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінде жетекшілік қызмет  атқарады.
 
Бірнеше дүркін халықаралық, республикалық айтыстардың бас жүлдегері. Қызылорда облысы деңгейіндегі «Айтыстың дарабозы» номинациясының, «Сыр үміті» сыйлығының иегері.
 
Қазақтың айтыс өнерін насихаттау мақсатында Түркия, Франция, Өзбекстан Республикаларында өнер көрсеткен.
 
2014 жылдың сәуір  айынан бастап, «Шалқар» ұлттық арнасының редакторы қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта радиода «Сөз патшасы». «Айтыс ақтаңгері», «Мүфти мінбері» хабарларының, сондай-ақ «Айтыс» бағдарламасының жүргізушісі.
 

Байланыс телефоны: 8 (717)2 75-73-14

Электронды поштасы: nurmatmansurov@mail.ru