Нәзір Тоханұлы Сүлеймен

Нәзір Тоханұлы Сүлеймен, 1989 жылы қаңтар айының 5 жұлдызында дүниеге келген. Алматы обылысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылындағы І. Жансүгіров атындағы орта мектептің түлегі.

2008 жылы Алматыдағы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетіне оқуға түскен. Осы оқу орнында оқи жүріп, 2009 жылдан бастап республикалық «Шалқар» гезетінде тілшілік қызмет атқарған.

2010 жылдан Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультеті, журналистика кафедрасын бітірген.

2014 жылдан Қазақ радиосында, 2017 жылдан бастап қазірге дейін Шалқар ұлттық радиосының «Руханият» редакциясында редактор- жүргізуші.