Ләззат Тиішбекқызы

Ләззат Тиішбекқызы 1979 жылы 29 қыркүйекте Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.  

1988-1990 жылдары А.Селезнев атындағы Хореографиялық училище 19901995 ж. Балқаш қаласындағы №25 Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін тәмамдаған.

1995 – 1998 жылдары Қаскелең қаласындағы мәдениет және өнер колледжінде қоюшы-хореограф мамандығы бойынша және 1998 – 2003 жылдары Т.Жургенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясын тәмамдаған.

2013-2015 жылдары Журналистика және саясаттану факультетінің, телерадио кафедрасында магистрлік білім алған.

2006 жылдан бастап Қазақ радиосы мен «Шалқар» Ұлттық арнасының жүргізуші – редакторы қызметін атқарады.

2006 жылы «Хабар» «Агенттігіндегі  «Жан дауа» денсаулық бағдарламасының жүргізушісі.

2006 жылы «Хабар» «Агенттігіндегі  музыкалық бағдарламалар редакциясының  музыкалық редакторы, жүзеге асырылған жобалар: «Алматы – моя первая любовь», «Караганда- город юности моей», ТВ концерттер және т.б.

2005-2007 жылдары Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің PR директоры, осы жылы «Рахат» телеарнасының эфирінен шыққан бірнеше хабардың жүргізуші-редакторы қызметін атқарды.

2003-2005 жылдар аралығында Алматы қалалық «Оңтүстік астана» телеарнасының таңертеңгілік ақпаратты-сазды «Менің қалам» бағдарламасының авторы, жүргізуші, продюсері.

2003 жылы «КТК» АҚ таңертеңгілік «Күнбағыс» ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушісі. 2002 жылдан бастап Қазақ радиосынан практикалық тәжірибе өтіп, тікелей әуе толқындағы «Ақ тілек» бағдарламасының жүргізушісі.

2002 жылдан қазіргі таңға дейін Алматы қалалық және аудандық мәдениет департаментінің концерттік бағдарламалары мен қалалық медени іс шараларының концерттік жүргізушісі, сценаристі.

2001 жылы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясында, режиссер Сатыбалды Нарынбетовтың «Молитва Лейлы» көркем фильмінде режиссер ассистенті қызметін атқарған.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, «Нұр Отан» ХД Партиясының мүшесі. «Евразия ОРТ», «Хабар» «Агенттігінің дубляжында көркем фильм, сериалдар, мультфильмдер мен деректі филімдерді, жарнамаларды  дыбыстауға қатысқан. Чехиядағы Прага қаласында Орталық Богемия университетінде журналистика факультетінде 2014 жылы тағылымдамадан өткен.