Арғынғали Талант Талғатұлы

1980 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылында дүниеге келген.

2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетін бітірген.

2004 жылы осы оқу ордасында журналистика магистрі диссертациясын қорғаған.

Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында өткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» республикалық айтысында 3 – орын.

Алматы қаласында өткен «Аңырақай шайқасы» республикалық айтысында арнайы жүлде.

Көкшетау қаласында айтыс ардагері «Көкен Шәкеевтың құрметіне» өткен айтыста 2 жүлделі орын...т.б.

«МузАрт» тобының «Махаббат гүлі солмайды», «Не деген көркем едің?!», «Достарым», «Кел, жаным...»,т.б, «Нұр-Мұқасан» тобының «Сіздер үшін...», «Махаббат әні»; Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Сағыныш»; «Жігіттер квартетінің» «Сен ойлама...», «Арман қала»; «Заман» тобының ән-қоржынындағы «Мені ойла!», «Асыл жарым», «Қарақат көзің...» сияқты ел арасына кең тараған ән мәтіндерінің авторы. 

 

Байланыс телефоны: 8 (717)2 75-73-14

Электронды поштасы: talantargyngali@gmail.com