«Шалқар» ұлттық арнасы - республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна

«Шалқар» ұлттық арнасы 1966 жылдың 1-қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.
 
«Шалқар» ұлттық арнасы - республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. Радио  өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,04 пайызына тарайды. Ғаламтордағы http://shalkarfm.kz жеке сайты арқылы әлемнің әр түкпірінен тыңдау мүмкіндігі бар.
 
«Шалқар» радиосының ресми сайты http://shalkarfm.kz   2011 жылғы 18 шілдеден ақпарат таратады. Онлайн трансляция 18 шілдесінен бері эфирде.