«Әлқисса...»

Жүргізушісі: Ғалым Есенсариев

Операторы: Қайсар Ердеш

Эфирге шығатын уақыты: сенбі, 12.25

Ұзақтығы: 20 минут

Жиілігі: апта сайын

Жанры: рухани

Байланыс телефоны: 8 (717) 2 55 33 48

E-mail: shalkarfm@kaztrk.kz

Елімізде көне қалалар мен тарихи оқиғаларға бай жерлер, сәулет өнерінің ескерткіштері көп. Хабар қызықты аңыздар, ғажайып әңгімелерге арналады. Аңыз түбі - ақиқат. Әр аңыздың өзегі, шығу себебі болады. Оны жақсы білетін - көнекөз қариялар. Әңгімелер елде тұратын, аңыз-әңгімелерді жақсы білетін адамдардың өз ауыздарынан жазылып алынады.

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

1966 жылы 1 қаңтарда «Шалқар» ұлттық арнасы ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті.

1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласында ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.

2011 жылы 18 шілдеден бастап «Шалқар» радиосының shalqar.fm ресми сайты ақпарат таратады.

2012 жылы радио Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Заман талабына сай сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.

2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды. Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі ретінде редакция болып келген.

Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 64%-на тарайды.

«Шалқар» ұлттық радиосы – республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна.

«Шалқар» ұлттық радиосының басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан радио «Ән домбыра», «Қазақтың 1000 күйі», «Дәуір сазы», «Құтты қонақ», «Бозжусан», «Айтыс ақтаңгері», «Қазақы әңгіме», «Отанды сүю», «Дәстүр», «Бесігіңді түзе», «Құс жолы», «Қауырсын ғалам», «Күй шашу» «Жақсының жары» сынды хабарларын ұсынып келеді.

Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.

Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, Д. Қанатбаев, талантты дикторлар С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы жұмыс істеді.