• 06:02
  • Халық музыкасынан концерт
  • 06:30
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 07:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. Тікелей эфир. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар...». Таңғы музыкалық көңілашар сағаты. Ди-джейлердің жүргізуінде.
  • 08:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы.
  • 08:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 08:35
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. «Атамекен» радиоойыны. Ұлттық ойынның ережесіне сай тыңдармандарға көнерген сөздер, жұмбақтар жасырылып, логикалық сұрақтар қойылады.
  • 09:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы.
  • 09:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 09:35
  • Халық музыкасынан концерт
  • 10:01
  • Патриоттық ән
  • 10:05
  • «Атадан қалған асыл сөз»
  • «Атадан қалған асыл сөз» «АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ». Бала Қазыбектің айтқан дана сөздері. №53197-4
  • 10:10
  • Халық музыкасынан концерт
  • 10:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 10:36
  • «Туған жер әуендері» концерт
  • 11:01
  • Эстрадаға өңделген халық музыкасынан концерт
  • 11:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 11:35
  • Концерт (Фольклорлық ансамбль не оркестрдің орындауындағы күйлер)
  • 12:01
  • «Отанды сүю»
  • «Отанды сүю» «ОТАНДЫ СҮЮ». Тікелей эфир. Тақырыбы: «Татулық пен бірлік». Хабарға Нұр-Астана мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов қатысады. Жүргізуші - Жасұлан Наурызбайұлы
  • 12:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 12:36
  • Халық музыкасынан концерт
  • 13:01
  • «Жайдарман»
  • «Жайдарман» «ЖАЙДАРМАН». Радиотыңдаушыларлардың сұраулары бойынша концерт. Тікелей эфир. Жүргізуші – Ләззат Тиышбекқызы
  • 14:01
  • «Боз жусан»
  • «Боз жусан» «БОЗ ЖУСАН» түскі көңілашар бағдарламасы. Тікелей эфир. Хабар белгілі композитор Жағыпар Әлімхановтың шығармашылығына арналады. Жүргізуші - Нәзір Сүлеймен
  • 14:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 14:36
  • Халық музыкасынан концерт
  • 15:02
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 15:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 15:35
  • «Бізге қымбат дауыстар» концерт
  • 16:01
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 16:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 16:36
  • Концерт (Фольклорлық ансамбльдің орындауындағы халық әндері)
  • 17:01
  • «Термелер мен толғаулар». Концерт
  • 17:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 17:35
  • Патриоттық ән
  • 17:40
  • «Күй - Құдірет» концерт
  • 18:01
  • «Сазды сәлем»
  • «Сазды сәлем» «САЗДЫ СӘЛЕМ» құттықтау-сазды сағаты. Радиотыңдаушылардың сұраулары бойынша. Тікелей эфир. Жүргізуші – Рүстем Жүнісов
  • 19:01
  • «Ән домбыра»
  • «Ән домбыра» «ӘН ДОМБЫРА». Хабар ҚР еңбек сіңірген әртісі Әскербек Еңкебаевтың шығармашылығына арналады. Жүргізушілері - Жасұлан Наурызбай, Сәрсенғали Жүзбаев /таспа/
  • 20:01
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 20:30
  • Сағындырған әуендерден концерт (Ретро музыка)
  • 21:01
  • «АЛМАТЫДАН СӨЙЛЕП ТҰРМЫЗ!».
  • 21:01
  • Бағдарламаның ашылуы.
  • 21:03
  • Қазақ әні
  • 21:06
  • Аймақ және Алматы қаласының жаңалықтары.
  • 21:40
  • Қазақ әні
  • 21:45
  • «Кел, балалар, оқылық!» балаларға базарлық.
  • 21:57
  • Бағдарламаның жабылуы.
  • 22:01
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ»
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ» «АЛМАТЫ ТҮНІ». Тікелей эфир. «Ашық әңгіме». Тақырып: Қоғам және әнші.Студия қонағы: Әнші Меруерт Түсіпбаева. Ди-джейлердің жүргізуінде
  • 22:45
  • «АЛТЫН ҚОР»
  • «АЛТЫН ҚОР» «АЛТЫН ҚОР». Ақын Ибрагим Исаев туралы хабар.
  • 23:01
  • Бағдарламаның ашылуы.
  • 23:01
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ»
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ» «АЛМАТЫ ТҮНІ». «Сыр сандық». Поэзиялық, лиракалық сағат. «Өлең – өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы».
  • 23:58
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ (2 минут)

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

1966 жылы 1 қаңтарда «Шалқар» ұлттық арнасы ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті.

1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласында ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.

2011 жылы 18 шілдеден бастап «Шалқар» радиосының shalqar.fm ресми сайты ақпарат таратады.

2012 жылы радио Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Заман талабына сай сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.

2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды. Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі ретінде редакция болып келген.

Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 64%-на тарайды.

«Шалқар» ұлттық радиосы – республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна.

«Шалқар» ұлттық радиосының басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан радио «Ән домбыра», «Қазақтың 1000 күйі», «Дәуір сазы», «Құтты қонақ», «Бозжусан», «Айтыс ақтаңгері», «Қазақы әңгіме», «Отанды сүю», «Дәстүр», «Бесігіңді түзе», «Құс жолы», «Қауырсын ғалам», «Күй шашу» «Жақсының жары» сынды хабарларын ұсынып келеді.

Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.

Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, Д. Қанатбаев, талантты дикторлар С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы жұмыс істеді.