• 06:02
  • Халық музыкасынан концерт
  • 06:30
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 07:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар...» таңғы музыкалық интерактивті көңілашар сағаты. Ди-джейлердің жүргізуінде.
  • 08:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар...» таңғы музыкалық интерактивті көңілашар сағаты. Ди-джейлердің жүргізуінде.
  • 08:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 08:35
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. «Атамекен» радио ойыны. Тікелей толқынға хабарласқан тыңдарман 3 көмек арқылы жасырылған елді мекенді табуы қажет. Ди-джейлердің жүргізуінде.
  • 09:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. «Атамекен» радио ойыны. Тікелей толқынға хабарласқан тыңдарман 3 көмек арқылы жасырылған елді мекенді табуы қажет. Ди-джейлердің жүргізуінде.
  • 09:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 09:36
  • Батыс Қазақстан және Маңғыстау әндерінен концерт
  • 09:45
  • Арқа әндерінен концерт
  • 10:01
  • Күй
  • 10:05
  • «Атадан қалған асыл сөз»
  • «Атадан қалған асыл сөз» «АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ». Қазыбек бидің Бекболат баласына айтқан ақылы. №53197-7
  • 10:10
  • Терме (эстрадаға өңделген)
  • 10:20
  • Жетісу әндерінен концерт
  • 10:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 10:36
  • «Туған жер әуендері» концерт
  • 11:01
  • Эстрадаға өңделген халық музыкасынан концерт
  • 11:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 11:35
  • Концерт (Фольклорлық ансамбль не оркестрдің орындауындағы күйлер)
  • 11:45
  • «Қайырымдылықтан қалыс қалма! Алғысқа бөлен!». Әнші Құрмаш Маханның пікірі.
  • 11:46
  • Сағындырған әуендерден концерт (Ретро музыка)
  • 12:01
  • «Құтты қонақ»
  • «Құтты қонақ» «ҚҰТТЫ ҚОНАҚ». Тікелей эфир. Хабарға айтыскер ақын Аманжол Әлтаев қатысады. Жүргізуші - Нұрмат Мансұр
  • 12:30
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 12:35
  • Халық музыкасынан концерт
  • 13:01
  • «Жайдарман»
  • «Жайдарман» «ЖАЙДАРМАН». Радиотыңдаушыларлардың сұраулары бойынша концерт. Тікелей эфир. Жүргізуші - Бекнұр Нұрмағанбет
  • 14:01
  • «БОЗ ЖУСАН» түскі көңілашар бағдарламасы. Тікелей эфир. Хабар шығармашылығына арналады. Жүргізуші - Нәзір Сүлеймен
  • 14:30
  • «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 14:36
  • Эстрадаға өңделген халық музыкасынан концерт
  • 15:01
  • Дала фольклорының антологиясы «ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ». Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры». Мақаласы аясында дайындалған кіріспе хабар. Халық әндер. /ред. Жанат Жанұзақ/
  • 15:16
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 15:30
  • «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 15:35
  • «Бізге қымбат дауыстар» концерт
  • 16:01
  • Концерт (Фольклорлық ансамблдің орындауында халық әндері)
  • 16:15
  • «Қайырымдылықтан қалыс қалма! Алғысқа бөлен!». Кәсіпкер Ырза Тұрсынзаданың пікірі.
  • 16:16
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 16:30
  • «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 16:36
  • «ӘЛҚИССА». Сардарбек ағаның әңгімесі. /ред. Ғалым Есенсариев//қайталау 16.02.19/
  • 16:51
  • Қазақ әні
  • 17:01
  • «Термелер мен толғаулар». Концерт
  • 17:30
  • «Шалқар+Жаңалықтар» ролигі. ЖАҢАЛЫҚТАР. /спорт, ауа райы/
  • 17:36
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 17:45
  • «Күй - құдірет». Концерт
  • 18:01
  • «Сазды сәлем»
  • «Сазды сәлем» „САЗДЫ СӘЛЕМ” құттықтау-сазды сағаты. Радиотыңдаушылардың сұраулары бойынша. Тікелей эфир. Жүргізуші - Ләззат Тиышбекқызы
  • 19:01
  • «Ән домбыра»
  • «Ән домбыра» «ӘН ДОМБЫРА». Хабар ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұрат Толыбаевтың шығармашылығына арналады. Жүргізушілері - Жасұлан Наурызбай, Сәрсенғали Жүзбаев /таспа/
  • 20:01
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 20:35
  • Сағындырған әуендерден концерт (Ретро музыка)
  • 21:01
  • «АЛМАТЫДАН СӨЙЛЕП ТҰРМЫЗ!».
  • 21:01
  • Бағдарламаның ашылуы.
  • 21:02
  • «Мәдени жаңалықтар»
  • 21:15
  • Қазақ әні
  • 21:25
  • «Дәрігер кеңесі» айдары.
  • 21:35
  • Қазақ әні
  • 21:45
  • Кел балалар, оқылық.
  • 21:55
  • Қазақ әні
  • 22:01
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ»
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ» «АЛМАТЫ ТҮНІ». Тікелей эфир. «Кел, сырласайық». Тақырыбы: «Ырым мен тыйымның тәрбиелік мәні қандай?». Ди-джейдің жүргізуінде.
  • 22:45
  • «АЛТЫН ҚОР»
  • «АЛТЫН ҚОР» «АЛТЫН ҚОР». КСРО халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова туралы.
  • 23:01
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ»
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ» «АЛМАТЫ ТҮНІ». «Темірқазық». Бүгінгі поэзия сағатында ақын-сазгер Арайлым Саттарованың шығармашылығынан сыр шертеміз.

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

«Шалқар» радиосының 50 жылдығы қайырымдылық шараларымен өтуде

Қазақ халқының мәдени, рухани құндылықтарын насихаттау арқылы ұлттың үнжариясына айналған «Шалқар» радиосы биыл өзінің 50 жылдығын атап өтуде. Осыған орай жыл басынан бері радио басшылығының бастамасымен бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілді.

«Шалқар» ұжымы наурыз айында «Тұран-Астана» университетінде Астана қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концертін өткізді.

Сондай-ақ, 27 наурыз – Театр күніне орай Қазақ драма театрлары арасында  «Шалқар шабыт» атты байқау ұйымдастырды. Онда республикалық театр репертуарларынан үздік 12 қойылым таңдап алынып, радионың ресми shalkarfm.kz сайты арқылы  дауыс беру жүргізілді.

Ал, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауы жарияланды. Ән додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерлі өрендер бас қосып, үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұдан бөлек, 50 жылдыққа орай үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» бағдарламасы эфирге шықты. Ерекшелігі –жобаға кәсіби және әуесқой әншілер ең соңғы шыққан әндерін ұсынады. Жолданған әуен радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеледі. Ай қорытындысы бойынша shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады және жылдық байқауға жолдама алады.

«Қолға алынған жобалар мен атқарылған игі істердің барлығы - «Шалқар» радиосының қазақ руханиятына деген қамқорлығы», дейді радионың Бас редакторы Серік Сейітман.

Радио өнімдері қазіргі кезде ел аумағының 62,04 пайызына тарайды. Апта сайын әуе толқынына 75 радиохабар шығады. 

Олардың ішінде музыка - 54%, танымдық хабарлар -10 %-ды, әдеби-музыкалық хабарлар - 20 %-ды, мәдени-сауықтық бағдарламалар – 10 %-ды, «Алтын қор» хабарлары -  3 және жарнама 3 %-ды құрайды.

Тыңдармандар әр аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында тікелей толқында өтетін «Таңжарық», «Елім менің», «Ұшқын» бағдарламалары арқылы ой-пікірлерімен бөлісіп келеді.

Радио эфирінен аптасына бір рет берілетін мәдени-танымдық «Әлқисса», «Біздің елдің жігіттері», «Дәстүр», «Жақсының жары», «Зиялы қауым», «Парыз», сондай-ақ, әдеби-музыкалық  «Түркі сазы», «Наридірген», «Күй-шежіре», «Шабыт», «Аққулы айдын» сынды хабарлар бүгінде көпшілік сұранысына ие.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна әлі де сол қалпынан жаңылған жоқ.

Радио 2012 жылдан бастап Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығынан» хабар таратып келеді.