Универсиада-2017. Қазақстандық шаңғышылар Универсиаданың күміс медалін жеңіп алды

14:27, 6 ақпан 2017   1164

Қазақстандық шаңғышылар Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Ирина Быкова Қысқы Универсиадада «үш те бес» эстафетасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық үштік қашықтықты 43:17.2 минутта жүріп өтті. Олардан тек Ресей құрамасы 52.1 секундқа озып кетті. Үшінші орынды Франция спортшылары алды (+1:46.1). 

Енді құрама қоржынында 24 медаль бар. Оның төртеуі күміс, 10-ы алтын және тағы оны қола медальдар.