Алматыда 28-ші Қысқы Универсиада басталды

12:10, 30 қаңтар 2017   1206

5 мыңнан астам студент қатысатын биылғы аламан 8 ақпанға дейін жалғасады. Универсиада ойындарының ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

57 елден келген спортшылардың салтанатты шеруінде еліміздің Туын ұстау мәртебесі шаңғышы Дәулет Рақымбаевқа бұйырды. Ал, мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері Айза Иманбек барша спортшылардың атынан сайыстың әділ және таза өтуіне ант берді. Елбасы өз сөзінде жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Kaztrk.kz