Оралда «Азаттықтың ақ таңы» атты ақындар айтысы өтті

16:11, 7 қазан 2016   1422

Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған сайысқа алды республикалық додаларда сынға түсіп, жүлде алып жүрген он жас ақын қатысып, бес жұп болып айтысты.

Айтыс барысында ақындар тәуелсіз елдің бірлігі мен тірлігін, азаттықты аңсаған бабалар арманының орындалғандығын, жұртшылық көкейіндегі жайттарды жырлай білді.

Дода соңында сахнаға жеті ақын шығып, бір-бірінің сөзін іліп әкетіп, Құлмамбет айтысын жасады. Барлық он ақынға бірдей сый-сияпат жасалды.