«Қыз бақыты» әнін Ләззат Байырбекованың орындауында онлайн тыңдау

Сөзі: Айнұр Тұрсынбаева, әні: Ербол Байырбеков.


15:47, 4 желтоқсан 2015   4364

Білерсің, арудың еркі кімде,

Сынбасын жарыңның серті мүлде.

Өзіңнің үйіңе қадам бастың,

Құлыным, қонақ ең төркініңде.

 

Қайырмасы:

Ақботам,

Ал, енді, қош аман,

Жар болсын өзіңе Жасаған!

Күтіп тұр, әнекей, қосағың,

Күтіп тұр, жанұяң, босағаң.

 

Қызығып, көркіңе жүз қарадым,

Тағдыры осындай қыз баланың.

Ақ бесік тербетіп нәсіп етсе,

Жасарсың анаңның ізгі амалын.

 

Бағыңа сүйсініп, таңдай қақшы,

Еліңе судай сің, балдай батшы,

Әлпештеп өсірген перзентіңнің,

Бақытын тапқаны қандай жақсы.

 

Қайырмасы:

Ақботам,

Ал, енді, қош аман,

Жар болсын өзіңе Жасаған!

Күтіп тұр, әнекей, қосағың,

Күтіп тұр, жанұяң, босағаң.