«Хан Тәңірі» тобы. «Бір барайық арманға» әнін онлайн тыңдау

Сөзі: Мархаба Сәбиева, әні: Данияр Шеңгелбаев.


14:44, 5 желтоқсан 2015   1360

Жаным менің,

Асығамын саған күнде-күнде.

Сені қайдан табамын білмедім де,

Асығамын саған күнде-күнде.

Жаным менің,

Сенен алыс шалғай жүргенімде,

Бір үздіксіз үрей бар жүрегімде

Алыстама менен мүлде, мүлде.

 

Қайырмасы:

Сыйладың жүрекке,

Сезімнің тәттісін.

Жүректі сөйлеткен,

Сенсің бақ құсым.

Аялап өтейін

Айым деп еркелетейін.

Бір барайық арманға,

Арайланған таңдарға.

Бір барайық арманға,

Арайланған таңдарға.

 

Жаным менің,

Күн шуағын шашқан таңымда.

Сенсіз бақыттың барын сезбеп едім.

Қалайша мұныма төзген едім?!

 

Қайырмасы:

Сыйладың жүрекке,

Сезімнің тәттісін.

Жүректі сөйлеткен,

Сенсің бақ құсым.

Аялап өтейін

Айым деп еркелетейін.

Бір барайық арманға,

Арайланған таңдарға.

Бір барайық арманға,

Арайланған таңдарға.