Бейбіт Қорған. «Сен қуанышым» әнін онлайн тыңдау

Сөзі: Талант Арғынғали, әні: Ілияс Әбдіразақов.


11:05, 25 қараша 2015   1142

Қара көзің менің жүрегімде,

Өшпес болып сақталар.

Қайырылмайтын артта қалды күндер

Көңілімде жатталар.

 

Қайырмасы:

Келші,

Құшағыма жыр болып,

Бірге күткен.

Сезім құмарым қанғанша

Сүйіп өткем.

Сен қуанышым,

Әттең енді, арман болдың.

Сен сағынышым

Көрген түстей жалған болдың.

 

Жолдар бөліп бізді екі жаққа,

Тағдыр солай

Түсіндің.

Әттең енді күйіп жалғыз қалдым

Өксідім де, өкіндім.

 

Қайырмасы:

Келші құшағыма жыр болып,

Бірге күткен.

Сезім құмарым қанғанша

Сүйіп өткем.

Сен қуанышым,

Әттең енді, арман болдың.

Сен сағынышым

Көрген түстей жалған болдың.