Аршын Жолдасхан. «Жан жарым» әнін онлайн тыңдау

Сөзі: Хамза Көксебек, әні: Ұшқын Жамалбек.


16:02, 4 желтоқсан 2015   1545

Асылым, аңсадым,

Тек сені таңдадым.

Жанымды түсінген,

Сен болдың жан жарым.

Сезімді жауладың,

Бір сиқырың бардай.

Өзіңе баурадың,

Қылығыңмен сен балдай.

 

Сен асыл ардағым,

Арайлы таңдарым.

Аяулы ақ құсым

Шын сүйген жан жарым.

Сенсің қос қанатым,

Биікке қонатын,

Жанымды түсініп ұғатын.

 

Қайырмасы:

Жаным,

Нәп-нәзік гүлімсің,

Таусылмас жырымсың.

Сыйлаған сәулесін,

Жарық Күнімсің.

Жаңылмай жалғанда,

Адаспай жолдарда,

Жетейік екеуіміз арманға.

 

Асылым, аңсадым,

Тек сені таңдадым.

Жанымды түсінген,

Сен болдың жан жарым.

Сезімді жауладың,

Бір сиқырың бардай.

Өзіңе баурадың,

Қылығыңмен сен балдай.

 

Жарқыным жаһанда,

Жарым деп қашанда

Сағынам мен сені,

Қасымда болсаң да.

Аялап өтемін,

Ақ арман желкенін,

Көз тоймас ерекше көркемім.

 

Қайырмасы:

Жаным,

Нәп-нәзік гүлімсің,

Таусылмас жырымсың.

Сыйлаған сәулесін,

Жарық Күнімсің.

Жаңылмай жалғанда,

Адаспай жолдарда,

Жетейік екеуіміз арманға.

 

Асылым, аңсадым,

Тек сені таңдадым.

Жанымды түсінген,

Сен болдың жан жарым.

Сезімді жауладың,

Бір сиқырың бардай.

Өзіңе баурадың,

Қылығыңмен сен балдай.