Ақбота Керімбекова. «Ай, ай жаным» әнін онлайн тыңдау

Сөзі: Құрманай Бақтиярқызы, әні: Самат Рыспанбет.


14:33, 5 желтоқсан 2015   1219

Өз жүрегін жаралай,

Теңін сүйген таба алмай

Шамасына қарамай

Сүйем деді ойланбай

Мүлдем жасын ойға алмай

Ерте есейіп қойғандай.

Неге олай гүлім?!

Боласың ба інім?!

Сезім жанса бүгін,

Көтер өмір сынын.

Ұмыт болар ертең,

Кездесер бір көркем

Мен емеспін еркең.

 

Қайырмасы:

Ай, ай жаным,

Түсінем бәрін бәрін.

Ай, ай жаным,

Қиналды-ау ғашық жаның.

Ай, ай жаным,

Шамаңның білсең әлің.

Ай, ай жаным

Кетірме сезім мәнін.

 

Жас көрінсе көңілің,

Бақыт сүйген өмірім

Анық менің сенімім.

Ертегідей әлемім,

Жазылғандай бар емім

Жадыраған жан едім.

Мазамды алдың жаным,

Таба алмай тыным

Әлі жассың гүлім

Артық болар мұның.

Тыныш еді күнім,

Шамаңды біл інім

Бақытты бол жаным.

 

Қайырмасы:

Ай, ай жаным,

Түсінем бәрін бәрін.

Ай, ай жаным,

Қиналды-ау ғашық жаның.

Ай, ай жаным,

Шамаңның білсең әлің.

Ай, ай жаным

Кетірме сезім мәнін.