«Саз керуен» жобасының X айналымына қатысушыларға дауыс беру тоқтатылды

11:21, 22 желтоқсан 2016   1151

«Шалқар» ұлттық радиосының «Саз керуен» жобасының Х айналымына қатысушыларға дауыс беру тоқтатылды.

Тыңдармандар көңілдерінен шыққан ән мен әншіге vote.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс берді.

Айта кетейік, жас таланттарды таныстырып, өнер жұлдыздарының жаңа шығармаларын насихаттайтын жобаның X айналымында 12 үміткер бақ сынады.

Жеңімпаздардың есімін бүгін сағат 21:00-де «Шалқар» ұлттық арнасының «Саз керуен» хабарынан біле аласыздар.

Өткізіп алмаңыздар!