«Саз керуен» жобасының IX айналымы басталды

07:15, 19 қазан 2016   3207

«Шалқар» ұлттық радиосының «Саз керуен» жобасының IX айналымы басталды. Мұнда назарларыңызға 13 жаңа ән ұсынылады.

Дәуренбек Мерғалиев - «Көше»

Ажар Молдашева – «Ана әлдиі»

Қуандық Орақов – «Келе алмайсың ба?»

Гүлнәзия мен Нәзира – «Жаралы жүрек»

Меңдеш пен Ақмарал – «Ғашықтар жыры»

Бақытжан Мұстафаев – «Айта алам»

Сәуле Аппазова – «Дара шынар»

Асылбек Тойлыбаев – «Сезім сеңгірі»

Қанағат Жалғасбаева – «Қыз деген...»

Нұрлыбек Тәшімов – «Хат жазшы»

Дуана – «Қыз іздеймін»

Зият пен Бибігүл – «Жан жарым»

Ұлан Досмұрат – «Қазақстан - өз елім»

Ай соңында shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған үш ән «Шалқар» радиосының Көркемдік кеңесіне ұсынылады. Сөзі мен сазы және үміткердің орындаушылық шеберлігі жоғары бағаланған ән «Алтын қорға»  тіркеледі және жылдық қорытынды байқауға жолдама алады.

Естеріңізге саламыз, «Саз керуен» бағдарламасы әр бейсенбі сайын сағат 21:00-22:00 аралығында әуе толқынына шығады.