Журналистер тарихтан сыр шертті

16:07, 21 сәуір 2017   243

Кеше Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша  9 республикалық пән олимпиадасы басталды. Бұл білім бәсекесіне 13 жоғары оқу орнынан 39 студент қатысып, бақ сынауда.

Олимпиадаға қатысушылар алғашқы күні университеттің «Археологиялық және этнография», «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» көрме залдарымен танысып, «физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жұмыстарына да куә болды. Сондай-ақ, қатысушылар болашақты бағамдаған Қорқыт ата университетінің  мұражайын тамашалады.

Тарихи мұражай 1997 жылы университеттің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған. Мұражайдың негізгі қорында 208 экспонат болса, көмекші қорда 729 экспонат жинақталған. Сонымен қатар, университеттің 1941-1945 соғыс жылдарындағы кезеңдегі қызметі туралы деректер, тарихи фотосуреттер, заттай экспонаттар, құжаттар сақталуда. Соғыс жылдары Қызылорда қаласында Киев және Харьков университеттерінің филиалы ашылуына байланысты Біріккен Украина мемлекеттік университетінің ғимаратына орнатылған ескерткіш тақтаның фотосуреті, 1948 жылы педагогикалық институттың жанынан бастауыш және орталау мектептер үшін кадрлар даярлайтын екіжылдық мұғалімдер мектебінің ашылуы көрсетілген. Университеттің этнографиялық мұражайы оқу-тәрбие процесінде маңызды роль атқарады. Мұражайда қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрін айқындайтын өткен ғасырдың айшықтары сақталуда.

Ал, байқаудың алғашқы турында олимпиада қатысушылары өздерін толықтай таныстырып өтсе, келесі бөлімде ой жүйріктері мен сөз дүлділдерін анықтау мақсатында берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. Одан әрі қатысушылар университетің жас ақындары Марат Дауылбай мен Бақытбек Сұлтан Бейбарыс  Алматұлының  «Жүректегі жауһар жырлар» атты шығармашылық кешіне қатысып, өлеңмен сусындады. Кейін студенттерге  Қызылорда өлкесін таныстыру мақсатында қаланың  көрікті жерлерін аралатты. Ал бүгін байқауға қатысушылар біліктілік пен білімділікті шыңдау мақсатында тест тапсырып, журналист үшін шапшаңдық пен жылдамдықты  талап ететін «Жедел ақпарат» бөліміне өтті. Үміт пен қорқыныш, толқу мен тербеліс ке ұштасатын сайыстың жабылу рәсімі Мұстафа Шоқайтану орталығында өтеді.

Айнұр Есенғали, SDU қатысушы:

-Мен бұл сайыстан алдымен, әділдікті күтемін. Қатысушы студенттердің барлығы да алғыр, көздерінен от ұшқындап тұр. Қызылорда өңірінде болып жатқан олимпиада жоғарғы деңгейде өтуде. Осындай сайыстар арқылы біз өзімізге жаңа достар таптық. Барлық қатысушыларға сәттілік, ал өзімізге жеңіс тілеймін!

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

«Шалқар» радиосының 50 жылдығы қайырымдылық шараларымен өтуде

Қазақ халқының мәдени, рухани құндылықтарын насихаттау арқылы ұлттың үнжариясына айналған «Шалқар» радиосы биыл өзінің 50 жылдығын атап өтуде. Осыған орай жыл басынан бері радио басшылығының бастамасымен бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілді.

«Шалқар» ұжымы наурыз айында «Тұран-Астана» университетінде Астана қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концертін өткізді.

Сондай-ақ, 27 наурыз – Театр күніне орай Қазақ драма театрлары арасында  «Шалқар шабыт» атты байқау ұйымдастырды. Онда республикалық театр репертуарларынан үздік 12 қойылым таңдап алынып, радионың ресми shalkarfm.kz сайты арқылы  дауыс беру жүргізілді.

Ал, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауы жарияланды. Ән додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерлі өрендер бас қосып, үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұдан бөлек, 50 жылдыққа орай үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» бағдарламасы эфирге шықты. Ерекшелігі –жобаға кәсіби және әуесқой әншілер ең соңғы шыққан әндерін ұсынады. Жолданған әуен радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеледі. Ай қорытындысы бойынша shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады және жылдық байқауға жолдама алады.

«Қолға алынған жобалар мен атқарылған игі істердің барлығы - «Шалқар» радиосының қазақ руханиятына деген қамқорлығы», дейді радионың Бас редакторы Серік Сейітман.

Радио өнімдері қазіргі кезде ел аумағының 62,04 пайызына тарайды. Апта сайын әуе толқынына 75 радиохабар шығады. 

Олардың ішінде музыка - 54%, танымдық хабарлар -10 %-ды, әдеби-музыкалық хабарлар - 20 %-ды, мәдени-сауықтық бағдарламалар – 10 %-ды, «Алтын қор» хабарлары -  3 және жарнама 3 %-ды құрайды.

Тыңдармандар әр аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында тікелей толқында өтетін «Таңжарық», «Елім менің», «Ұшқын» бағдарламалары арқылы ой-пікірлерімен бөлісіп келеді.

Радио эфирінен аптасына бір рет берілетін мәдени-танымдық «Әлқисса», «Біздің елдің жігіттері», «Дәстүр», «Жақсының жары», «Зиялы қауым», «Парыз», сондай-ақ, әдеби-музыкалық  «Түркі сазы», «Наридірген», «Күй-шежіре», «Шабыт», «Аққулы айдын» сынды хабарлар бүгінде көпшілік сұранысына ие.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна әлі де сол қалпынан жаңылған жоқ.

Радио 2012 жылдан бастап Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығынан» хабар таратып келеді.