Жолтай Әлмашұлы: Кейде өз шығармамды танымай қаламын

«Құтты қонақ» хабарына белгілі жазушы, драмматург Жолтай Әлмашұлы келді. Жазушының айтуынша, драмматургия – өте ауыр жанр. Драмматургияға келу үшін ат басындай жүрек керек.

17:58, 25 сәуір 2019   279

Драмматург әңгімені балалар әдебиетіне бұрды. Мұзафар Әлімбаев жазушының «Алаторғай» атты әңгімесін оқып, «Балалар әдебиетіне жақсы жазушы келді» деп айтқан. Бірақ, өкінішке орай, ол балалар әдебиетінде қала алмады. Оған жазушының жолы тарихи шығармаларға бұрылуы себеп болған.

Ол еліміз тәуелсіздік алып, Алаш зиялылары ақтала бастағанда, Мағжан ақынды зерттеуді қолға алады. «Ақылдың ақыны Мағжанды» жазушы драммаға сұранып тұрған тұлға ретінде көре білді.

Жолтай Әлмашұлы сын  туралы да сөз қозғап кетті. Оның айтуынша, сынға оң көзқараспен қарау керек. Бірақ кейде сын да солақай болып жатады. Шығармаға емес, автордың ар-намысына тиісу – сынның ең төмен деңгейі.

Сондай-ақ, кейде сахналанған өз шығармаларын тани алмай қалатынын айтты. Әр режиссердің өз стилі бар. Драмматургтың белгілі бір шығармасын алып, мүлде басқа шығармаға айналдырып жібереді. Әрине, режиссерде шығармашылық еркіндік болуы керек. Бірақ драмматургтың идеясын көмескілеп, кейіпкердің аузына шығармада жоқ сөзді салу – авторлық құқықты бұзу.  Бірақ, драмматург егер режиисер ізденіп, қимыл-қозғалыс, би қимылдарын қосып жатса, мұндай шығармашылық ізденіске, жаңашылдыққа әрқашан оң көзқараста екенін айтты.

Сөз соңында, жазушы кино сценарий жазсам деген ойымен бөлісті.