Жеңістің 75 жылдығын атап өту жөніндегі комиссия отырысы өтті

17:51, 8 қараша 2019   45

Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын Қазақстан Республикасында атап өту және оған дайындықты ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштердің Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов тиісті шаралар Жоспарының жобасы туралы ақпаратты ұсынды.

Сонымен қатар вице-премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесімен бірге Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне бірдей бір реттік төлем сомасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.