Жас өнертапқыш күріштің өсімін бес есе арттыратындығын дәлелдеді

16:29, 6 қараша 2019   54

 

Қызылорда облысының жас өнертапқышы Нұржанбек Құрманбек күріштің өсімін бес есе арттыратын ғылыми-жобаны ұсынды. Нұржанбек Құрманбек Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сыныбында оқиды.

Ол жаңа жобаны мектеп зертханасында сынақтап өткізіп көрді. Онда «фитоп тыңайтқышы» деп аталатын биологиялық препарат қолданылды. Аталған тыңайтқыш күріш дақылының өсуіне оң әсер етеді. Тәжірибе нәтижесінде тыңайтқыш күріштің өсуін 5 есеге және өнімділігін 3-4 пайызға арттыратыны анықталды.

«Бұл препаратты пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді. Сондай-ақ, ол Сыр өңірінің климаттық жағдайына да қолайлы», - деді Нұржанбек Құрманбек.

Жақында ол Алматыда өткен республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, үшінші орынға ие болды.