Жамбыл Артықбаевтың «Абылай хан» кітабының тұсаукесері өтті

16:05, 28 қараша 2019   70

Көкшетауда елімізге танымал тарихшы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Артықбаевтың «Абылай хан» кітабының тұсаукесері өтті.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбабап-ғылыми кітапханасында өткен шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысты.

Автордың айтуынша, кітапты шығару идеясы Абылай ханның 300 жылдығын атап өту кезінде пайда болған. Кітаптың тұсаукесері де Көкшетауда өтіп жатқаны тектен тек емес, Абылай хан ордасын тіккен өңір. «Мұндай тарихи дүниені жазу оңай шаруа емес. Жеті жыл бойы еңбектендім. Абылай ханға қатысты тарихты жан-жақты зерттедім», - дейді профессор.

Дереккөз: ҚазАқпарат