«Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдарына 25 жыл!

09:33, 28 қараша 2019   42

«Заң» медиа – корпорациясы құрамындағы «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдарына -25 жыл!

Кейін қатары «Заң» және «Фемида» журналдарымен толыққан серіктестік әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетімен бірлесіп, «Қазақстандағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы баспасөздің рөлі» тақырыбында ғылыми – тәжірибелік конференция өткізді.

Жиынды жүргізген белгілі журналист,«Заң» медиа – корпорациясының президенті Досымбек Өтеғалиев медиа корпорацияға қарасты басылымдар ел тәуелсіздігімен бірге жасасып, қоғамның заңдық тұрғыдан дамуына өз үлесін қосып келе жатқанына тоқталды.