«Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады

11:30, 5 қараша 2019   59

11 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылады.

Фото: elorda.info