«Томирис» фильмі әлемдік нарықта сатылымға шығарылмақ

17:10, 12 қараша 2019   88

Бұл фильмнің сатылымға шығатыны жайлы режиссер Ақан Сатаевтың өзі хабарлады. «Томирис» фильмін дүние жүзіне сату мақсатында американдық «ArcLight Films» компаниясымен келісімге келдік, – деп жазды Ақан Сатаев өзінің Facebook парақшасында.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Томирис» фильмінің прокаты 480 млн теңге жинағанын мәлімдеген. Ал фильмдегі тарихи деректер көптеген пікірталасқа негіз болды. Тіпті Кирдің басын кім алды деген сұраққа жауап іздегендер көп болды. Отандық туындының қазақ тіліндегі нұсқасы кинотеатрлардан қазан айынан бастап көрсетіле бастады.