Тілші-ғалымдар латын негізді әліпбидің жаңа нұсқасын қабылдады

16:34, 6 қараша 2019   63

Бүгін Алматыда өтіп жатқан тіл мамандарының конференциясына қатысушылар латын негізді әліпбидің жаңа нұсқасын бірауыздан қабылдады, - деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіру керек деген тапсырмасына орай мамандар латын әліпбиінің бұған дейінгі нұсқасына тағы да 4 таңбаны қосқан. Мамандардың айтуынша, олардың барлығы кірме дыбыстарға қатысты іске асырылған.

Біздің төл дыбыстарымыз бар болғаны 28 ғана, бұрынғыдай 42 емес. Біз осы 28 дыбысқа 28 таңба алдық. Алайда, біздің қоғамда орыс сөзіне әбден үйренген адамдар бар арамызда. Солар "футболды не деп жазамыз, вагонды не деп айтамыз" деген соң, амал жоқ тағы төрт таңбаны кіргізіп отырмыз. Ол "ч", "в", "ф" одан кейін "h" таңбасы. Бір шешімге келу үшін бір жағына көну керек, - дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, профессоры Әлімхан Жүнісбек.