Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында жастар форумы өтті

11:27, 5 қараша 2019   59

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жастар форумы өтті. Шараға ауданның ең белсенді, шығармашылық, бастамашыл және креативті жастары жиналды.

Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызының айтуынша, форумның мақсаты – аудан жастарының рухани байланыстарын нығайту, мемлекеттік жастар саясатының басымдықтарын жүзеге асыру жолдарын анықтау, азаматтардың санасына әлеуметтік маңызы бар патриоттық құндылықтарды сіңіру, Қазақстанның, туған өлкенің өткеніне құрмет көрсету, деп хабарлайды Егемен кз сайты.

Фото: egemen.kz