Шара Жиенқұлованың 110 жылдығында фестиваль өткізілетін болады

«Құтты қонақта» балетмейстер, педагог, ғалым, Шара Жинеқұлова атындағы би байқауының ұйымдастырушыларының бірі Тойған Ізім қонақ болды.


17:29, 15 сәуір 2019   38

Ол Шара Жиенқұлованың шәкірті. Ең алғаш рет байқауды ұлы бишіні еске алу мақсатымен,1992 жылы Шара Жиенқұлованың жылына орайластырып, бастамашыл топпен бірге байқауды өткізеді.

Осыдан кейін екінші рет араға 3 жыл салып, 2001 жылы Орал қаласында ұйымдастырылған. Балетмейстердің айтуынша, екінші рет өткізілген байқауға қатысушылар  үлкен дайындықпен келген.

Ал 2012 жылы ІҮ Шара Жиенқұлова байқауы Елордамызда Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында өтті.

Байқау бесінші рет өткізілгенде, ұйымдастырушылар конкурс шарттарына өзгеріс енгізеді. Бесінші рет өткізілген байқауға енгізілген өзгеріс  – облыстық филармония мен оқу орындарының шәкірттері ғана қатыса алады. Алда Шара Жиенқұлованың 110 жылдығы келе жатыр. Осыған орай, ұйымдастырушалар фестиваль өткізсек деген ниетте.