«Shalqar» радиосының жүргізушісі Нұрмат Мансұров республикалық айтыстың бас жүлдесіне ие болды

15:33, 13 тамыз 2018   468

Қызылорда облысы, Сырдария ауданының 90 жылдық торқалы тойына ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысында «Shalqar» Ұлттық арнасының жүргізушісі Нұрмат Мансұров бас жүлдені қанжығаға байлап, су жаңа автокөлік иесі атанды!

Айтыскер ақын Нұрмат Мансұров «Сөз патшасы», «Айтыс ақтаңгері», «Мүфти мінбері» хабарларының, сондай-ақ «Айтыс» бағдарламасының жүргізушісі.