«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:37, 14 қазан 2019   72

Бүгін сағат 21:30-да «Хабар 24» телеарнасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысуына орай әзірленген «БҰҰ: Әлем елдері үшін ортақ үй» жаңа деректі фильмі көрсетіледі.

***

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ерлан Саиров пен Мұхтар Тайжанды қабылдады.

***

Бүгін өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасы қаншаға қымбаттайтынына қатысты болжамын айтты.

***

Бүгін Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында «Атакент ардагерлері аллеясы» салтанатты түрде ашылды.

***

Әр жылдардағы Қазақстан жайында жазылған кітаптарды Нью-Йорктегі Колумбия университетінің көне кітапханасынан оқуға болады.