«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:17, 3 желтоқсан 2019   414

Мемлекет басшысы Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани бастаған ірі қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесті

Соңғы 5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы талқыланған Үкімет отырысында айтты.

2020 жылдан микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықты төлеуден 3 жылға босатылады.

Елордада «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты арнайы шара өткізілді.

Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің «Бастау» VІІІ халықаралық фестивалі басталды.

Алматыда Жетісу өлкесінің мәдени күндері өтіп жатыр. Талдықорғанның мәдениет пен өнер өкілдері, облыстағы мұражай, кітапхана ұжымдары келіп, жетістіктерін ортаға салды.