«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:30, 11 қазан 2019   78

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа барды. Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. 

***

Бүгін Маңғыстау ауданының Онды ауылында жаңа мешіт ашылды.

***

Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» Халық жазушысы, ҚР Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының 80-жылдығына арналған әдебиет және өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі өтті.

 

***

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі Аманжол Қошановтың 85 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті.

***

Бүгін Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл елдімекенінде республикалық  V "Алтын тұлпар – Жайық жағасында" турнирі және "Дарабоз-2019" халықаралық турнирі басталды