«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:13, 29 қараша 2019   69

Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультативтік кездесуі өтті. Келіссөзге Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұзындығы 87 шақырым болатын Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы айналма автожолды ашу рәсіміне қатысты.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының шығармалары әлемнің 16 тіліне аударылды.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жаңа көпір пайдалануға берілді.

Бүгін Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қолөнер шеберлерінің «Шығыс базары» атты жәрмеңкесі ашылды.