«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:10, 28 қараша 2019   61

Бүгін Бішкекте мемлекет басшыларының қатысуымен өткен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді.

***

Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында «Педагог мәртебесі» туралы Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

***

Шетелдегі қандастарға өз тілін ұмытпай оқып жүруіне мүмкіндік жасау үшін «Қастерлі қалам» жобасы әзірленді.

***

«Балуан Шолақ» толықметражды көркем фильмі алғаш рет телеэкраннан көрсетіледі.

***

Бүгін Алматыдағы Қазақ газеттері редакциясында «Ақиқат» ұлттық қоғамдық –саяси журналының жүлдесі үшін журналистер арасындағы 6-шы шахмат турнирі өтті.