«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:39, 26 қараша 2019   51

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті.

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыс орнында смартфонды пайдалануға рұқсат берілгелі отыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

Халықаралық термин сөздердің айтылымы, жазылымына қатысты нақты ұстаным мен бағыт қажет. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазіргі терминология: ұлттық немесе жаһандық» тақырыбындағы әдістемелік онлайн-семинар барысында осы мәселе көтерілді.

СҚО-ның С.Мұқанов атындағы сазды- драма театры алғаш рет өзінің 20 жылдық тарихында Алматы қаласына гастрольдік сапармен келді.

Елімізге белгілі тұлға, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың " Бәрі, бәрі есімде" атты жаңа кітабы оқырманға жол тартты.