«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:54, 7 қараша 2019   61

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерер Фриестің жетекшілігімен палата өкілдерін қабылдады.

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы Марат Оспановтың 70 жылдығына орай шығарылған «Марат Оспанов. А - дан А – ға дейін» альбом – кітабының тұсаукесері өтті.

Бүгін Алматыда композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды.

Көкшетаудағы Достық үйінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйытқы болуымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық жобасы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен бірлесе отырып өзге ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстаным!» атты поэзия кешін өткізді.