«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


16:59, 6 қараша 2019   69

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады.

***

Бүгін Ресей Федерациясының Омбы қаласында Ресей мен Қазақстан жастар көшбасшыларының бірінші форумы басталды.

***

Қазақстан Дінтанушыларының ХІ форумында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз деструктивті ағымға ерген азаматтарды радикалды райынан қайтару жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді.

***

Елорда жолдарына қозғалыс жолақтары ауысып отыратын реверсивті қозғалыс енгізілуі мүмкін.

****

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры Әлімхан Жүнісбек әліпбидің соңғы нұсқасына жаңадан төрт таңба қосылғанын айтты.

***

Алматыда британ журналисі Годфри Лайастың «Аспантау асқан үркін көш» атты сирек кітабы музейге сыйға берілді.