«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:33, 31 қазан 2019   86

Премьер министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

***

Моңғолия мемлекеті Халықаралық Түркі академиясының жанында бақылаушы болу ұсынысын қарастырады.

***

Елордада «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет – тұрақты қоғам» атты семинар кеңес өтті.

***

Елордада қараша айының соңында Әбіш Кекілбайұлының 80 жасқа толу мерейтойына орай «Әбіш әлемі» атты оқу конгресі өтеді.

***

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жазушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлының шығармашылық үйі ашылды.