Шалқар шаңырағында айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов

16:24, 14 қазан 2019   74

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасының бүгінгі қонағы - тумасынан ақындық өнерге құштар өскен, бүгінде көпшілікке Айтыс арқылы танылған ақын – Жандарбек Бұлғақов қатысты. Қашан да шынайылығымен көзге түсетін ақын бүгінгі сұхбатта да өнерсүйер қауымның көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Жақында ғана Қарағанды қаласында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арнайы ұйымдастырылған халықаралық айтыс жөнінде тілге тиек етті. Айтулы айтыстағы қос бас жүлденің бірін жеңу оңайға соқпағандығын да байқадық.

Республикалық айтысқа шыққанша бірнеше сатыдан, түрлі сыннан өтуі турасында әңгіме өрбітті. 

Ал тыңдарманның көкейіндегі «Нұр Отан" Партиясының ұйымдастыруымен өтетін айтыстан кейін, жалпы айтысымыз «жалтақ өнерге» айналып қалмай ма? және белгілі ақын, айтыстың жанашыры Жүрсін Ерманның қарамағынан бір кездері кетіп қалуының себептері туралы да ашып айтты.

Жүргізуші - Ләззат Тиышбекқызы.

Толық аудионұсқа мұрағатта.