«Ой дода» интерактивті радиоойынының негізгі мақсаты – заманауи ақпараттық өрісте сауатты және қауіпсіз әрекет етуді үйрету

«Ой дода» интерактивті радиоойыны эфирге шықты

11:48, 3 қыркүйек 2019   60

Алғашқы бағдарламаның қонақтары - «Ой дода» жобасының авторы, белгілі журналист, зерттеуші, радиоойынымыздың сарапшы маманы Мейрамхан Жапек, IT саласының білікті маманы, аналитик Тимұр Бектұр, танымал отандық блогер, журналист Өркен Кенжебек, өзіндік қолтаңбасы бар режиссер, сценарист және блогер Жандос Құсайын, білікті психолог, блогер Динара Болат болды.

Ойыншылар «Ақпараттық сауаттылық» тақырыбында белсенділік танытып, тамаша ойын көрсетті. Медиасауаттылық саласы бойынша мол ақпарат берді. Ойын жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бағдарламаның жүргізуші - редакторы Гүлнұр Омарханқызы.