Ой дода: Алмас Тоқабаев 77 ұпаймен жеңімпаз атанды

10:46, 17 қыркүйек 2019   67

«Ой Дода» интерактивті радиоойынына қатысқан ойыншылар - «Көзілдірік» медиа шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Алмас Тоқабаев, Qazradio.fm сайтының шеф-редакторы Диас Балмағанбет және «Ой Дода» жобасының авторы, белгілі журналист-зерттеуші, радиоойынымыздың тұрақты сарапшы маманы Мейрамхан Жәпек.  

«Ой Дода» интерактивті радиоойынының негізгі мақсаты – заманауи ақпараттық өрісте сауатты және қауіпсіз әрекет етуді үйрету. Және ойыншылардың медиасауаттылық саласындағы білім деңгейін анықтау.

Бағдарламаның жүргізуші-редакторы - Гүлнұр Омарханқызы