Назарбаев университетінде Фариза ақынның жыр-мүшайрасы өтті

Сәуірдің төртінде «Құтты қонақ» бағдарламасының қонағы Назарбаев университетінің профессоры, «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры Гүлтас Құрманбай болды.


12:27, 8 сәуір 2019   253

Профессор Назарбаев университетінде 1 айдан бері студенттерінің Фариза шығармашылығымен танысып жатқанын айтты.

Фариза ақынның шәкірті әрі «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры  сәуірдің 4-і күні «Жыр қарлығашы - Фариза» атты мүшайра өтетінін айтты. Оның айтуынша, аталмыш байқау 3 бөлімнен тұрады. Бірінші кезеңде Фаризаға арнау өлең арнайды, екінші кезеңде Фаризаның өлеңдерін ағылшын, қытай, француз, орыс тілдеріне аударады, үшініші кезеңде Фаризаның өлеңдерін жатқа айтады.

Өлеңсүйер Гүлтас Құрманбайдың айтуынша, Фаризаны тану үшін оның бір ғана өлеңін оқу – аз, Фаризаны тану үшін оның барлық өлеңдерін оқып шығу керек.

Ол сондай-ақ, Назарбаев университетінде филология факультеті жоқ болғанымен, өз шәкірттері техник, энергетик, дәрігер немесе саясаттанушы болса да, өлеңнің шәкірттері үшін бәсі биік екенін айтты.

Студент-оқырмандар Фариза ақынды тұнып тұрған ақыл деп қарайтынын, ал Мағжанды энергия көзі деп, Мұқағалиды өзінің досы санайтынын айтты.

Ақынның қанатының астында қызмет жасаған Гүлтас ұстазы Фариза Оңғарсынова туралы қара сөздің қаймағын қайырып, естелік әңгімелер айтты. Ол Фариза ақынмен талай мәрте ой бөлісіп, сыр шертіскенімен, Гүлтасты өлеңдері арқылы ғана тани алғанын айтты. Оның айтуынша, ақынды оқығанда, ақынның жеке өмірі болмағанын өлеңдерінен оқып-біліп,  шәкірт жүрегі сыздаған.