«Менің туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясы өтті

15:52, 29 қараша 2019   34

Түркістан қаласындағы «Turkistan» автобекетінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы және автобекеттің басшылығының қолдауымен «Менің туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясы жалғасын тапты. Жаңадан ашылған автобекеттің алдына тутұғырға көк байрағымыз салтанатты түрде орнатылды.

Аталған шара мемлекеттік туды тұрақты түрде қоғамдық орындарда, туристік нысандарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында орналастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Акцияны ұйымдастырған партия филиалының өкілдері көпшілікке мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге арналған бастамаға қолдау көрсетуге шақырды.