Малбағар Меңдіқұлов пен Төлеу Бәсеновке арналған көрме ашылды

17:41, 8 қараша 2019   59

Сәулетші-ғалымдар Малбағар Меңдіқұлов пен Төлеу Бәсеновтің туғандарына 110 жыл толуына арналған көрме ашылды

Бүгін Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Төлеу Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының ұйымдастыруымен сәулетші-ғалымдар Малбағар Меңдіқұлов пен Төлеу Бәсеновтің туғандарына 110 жыл толуына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы: сәулет шеберлігінің кезеңдері» атты көрменің ашылуы болды.

Малбағар Меңдіқұлов - Қазақстандағы сәулет ғылымының негізін қалаушы, Қазақстандағы сәулет өнерінің алғашқы профессоры, ал Төлеу Бәсенов - алғашқы кәсіби қазақ сәулетшісі, сәулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі, Қазақ сәулет мектебінің негізін қалаушы.

Көрме 16 қарашаға дейін жалғасады.