Малатия қаласында радио музей ашылды

12:17, 5 мамыр 2018   70

Түркия радиосы 1927 жылы алғаш рет эфирге шықты. Аталмыш радио әлі күнге дейін жұмысын тоқтатқан жоқ. 91 жылдан бері тыңдарманға қалтқысыз қызмет еткен TRT FM соңғы 4 жылда «Радио күнін» мерекелеуді әдетке айналдырған.

Радио күндерінің алғашқы мерекесі Стамбулда тойланса, кейін Анталияда, былтыр Бурса-Измирде өтті.  Биылғы шара Малатияда яғни, Анадолы жерінде ұйымдастырылды.

Мерекеде радио мамандары екі бірдей қуаныштың куәсі болды. Оның бірі - радио музейдің ашылуы болса, екіншісі радио күні.

«Түркияда медиа сектор, оның ішінде радио сектор өте жақсы дамыған. Тек TRT – ның өзінде 14 радио бар. Оның ішінде ойын – сауықтық бағыт, мәдени, рухани, тарихи және хабар тарататын радиолар бар. Ең көп тыңдалатыны TRT FM радиосы. Ол көбінесе жастар маудиториясын қамтиды. Заманауи әндер беріледі. Одан бөлек, TRT turk деген радио бар. Ол радио түрік халқының дәстүрлі әндерін, халық әндерін, музыкалық бағдарламаларды насихаттайды. Бұдан бөлек, TRT name деген радио бар. Бұл радиодан түрік халқының өнері және көне мәдениетіне арналған бағдарламаларды тікелей эфирге шығарады. Сонымен бірге телевидениемен бірлескен радиоларымыз бар. Яғни, жоғарыда айтылған, бұл республика көлемінде хабар таратады. Бұдан бөлек, бізде 5 аймақтық радио бар. Олар: Измирь, Трабзун, Ерзорон, Чокроба, Крабзон»,- дейді TRT телерадио корпорациясы басшысының бірінші орынбасары Эркан Дурду. 

Айта кетейік, атаулы шараны TRT телерадио корпорациясы ұйымдастыртырды.  Басқосуға 12 мемлекеттің радио өкілдері және журналистері келді. Жиынға 97 жылдық тарихы бар «Qazaq radiolary»-ның делегациясы  да қатысты. 
 

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

«Шалқар» радиосының 50 жылдығы қайырымдылық шараларымен өтуде

Қазақ халқының мәдени, рухани құндылықтарын насихаттау арқылы ұлттың үнжариясына айналған «Шалқар» радиосы биыл өзінің 50 жылдығын атап өтуде. Осыған орай жыл басынан бері радио басшылығының бастамасымен бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілді.

«Шалқар» ұжымы наурыз айында «Тұран-Астана» университетінде Астана қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концертін өткізді.

Сондай-ақ, 27 наурыз – Театр күніне орай Қазақ драма театрлары арасында  «Шалқар шабыт» атты байқау ұйымдастырды. Онда республикалық театр репертуарларынан үздік 12 қойылым таңдап алынып, радионың ресми shalkarfm.kz сайты арқылы  дауыс беру жүргізілді.

Ал, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауы жарияланды. Ән додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерлі өрендер бас қосып, үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұдан бөлек, 50 жылдыққа орай үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» бағдарламасы эфирге шықты. Ерекшелігі –жобаға кәсіби және әуесқой әншілер ең соңғы шыққан әндерін ұсынады. Жолданған әуен радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеледі. Ай қорытындысы бойынша shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады және жылдық байқауға жолдама алады.

«Қолға алынған жобалар мен атқарылған игі істердің барлығы - «Шалқар» радиосының қазақ руханиятына деген қамқорлығы», дейді радионың Бас редакторы Серік Сейітман.

Радио өнімдері қазіргі кезде ел аумағының 62,04 пайызына тарайды. Апта сайын әуе толқынына 75 радиохабар шығады. 

Олардың ішінде музыка - 54%, танымдық хабарлар -10 %-ды, әдеби-музыкалық хабарлар - 20 %-ды, мәдени-сауықтық бағдарламалар – 10 %-ды, «Алтын қор» хабарлары -  3 және жарнама 3 %-ды құрайды.

Тыңдармандар әр аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында тікелей толқында өтетін «Таңжарық», «Елім менің», «Ұшқын» бағдарламалары арқылы ой-пікірлерімен бөлісіп келеді.

Радио эфирінен аптасына бір рет берілетін мәдени-танымдық «Әлқисса», «Біздің елдің жігіттері», «Дәстүр», «Жақсының жары», «Зиялы қауым», «Парыз», сондай-ақ, әдеби-музыкалық  «Түркі сазы», «Наридірген», «Күй-шежіре», «Шабыт», «Аққулы айдын» сынды хабарлар бүгінде көпшілік сұранысына ие.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна әлі де сол қалпынан жаңылған жоқ.

Радио 2012 жылдан бастап Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығынан» хабар таратып келеді.